19
January
2023
Ұлттың үні-Роза Бағланова
Жоспар бойынша 19-шы қаңтар 2023 жылы мектебіміздің акт залында музыка пәнінің мұғалімі Шайхова Айгуль Ильясовна, педагог-ұйымдастырушы Оралхан Айнурдың ұйымдастыруымен «Ұлттың үні-Роза Бағланова» тақырыбында КСРО халық әртісі , Халық қаһарманы Роза Тәжібайқызы Бағлановаға арналған әдеби музыкалық кеш өткізілді.
Кешті музыка пәнінің мұғалімі Шайхова Айгуль Ильясовна жүргізді.
Кештің мақсаты: КСРО Халық Әртісі Роза Тәжібайқызы Бағланованың халқына, ән өнеріне сіңірген зор еңбегін ұлықтап, жас буын арасында дәріптеу.
Кеш барысында Роза Бағланованың өз орындауындағы әндері, тарихи бейнежазбалары мен оқушылардың дайындаған концерттік бағдарламасы үйлесін тапты.