"Командирлер сайысы "
Жоспар бойынша 27-шы қаңтар 2023 жылы мектебіміздің акт залында алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Ахметов Ержан, педагог-ұйымдастырушы Оралхан Айнурдың ұйымдастыруымен 9-11 сыныптар арасында «Командирлер» сайысы өткізілді.
Сайыстың мақсаты: Оқушыларды патриотизмге баулу, әскерде қызмет етуге деген ынталарын арттыру. Тәуелсіз Қазақстан елінің тарихы – Отаншылдықтың, ерліктің, елдіктің не екенін дәлелдейтін, тамыры терең бай тарихын түсіндіру. Егемен еліміздің ертеңін нұрлы етер «барыс» текті намысты ұрпақ бойында ұлттық сана көрініс тапса, ақыл ойы мен жүрегінде туған жері мен еліне деген сүйіспеншілігін ояту.
Сайысқа 9-11 сыныптар арасында іріктелініп 10 оқушы қатысты
- 9 «А» сынып оқушысы Кеңесов Нурали
- 9 «Ә» сынып оқушысы Тоқбаев Еркебулан
- 9 «Ғ» сынып оқушысы Әшірбеков Ержан
- 9 «Д» сынып оқушысы Умирзаков Санжар
- 9 «Г» сынып оқушысы Очкуров Артем
- 10 «Б» сынып оқушысы Ислам Эльнур
- 10 «Г» сынып оқушысы Актаев Санжар
- 11 «А» сынып оқушысы Жұмақан Естай
- 11 «Ә» сынып оқушысы Ноғайбаев Айдын
- 11 «Б» сынып оқушысы Сейдильдаев Мәди
Сайыс 4 кезеңді қамтыды. Кезең бойынша әр қатысушы көрсетілген өнерлері бойынша бағаланып отырды. Қорытынды бойынша «Бас жүлдені» 10 «Б» сынып оқушысы Ислам Эльнур иеленді. І-ші орынды 11 «Б» сынып оқушысы Сейдильдаев Мәди, ІІ-ші орынды 9 «Ә» сынып оқушысы Тоқбаев Еркебулан, ІІІ -ші орынды 11 «Ә» сынып оқушысы Ноғайбаев Айдын иеленді. Қалған қатысушыларға ынталандыру марапат қағаздары берілді.