27
февраль
2023
“Қазақ тілім- ғажап тіл” тақырыбында онкүндік
27 ақпан -10наурыз аралығында мектебімізде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің “Қазақ тілім- ғажап тіл” тақырыбында онкүндік өткізілуде. Мерекенің ашылуы Қаз дауысты Қазыбек би Келдібекұлының -355 жыл толу мерейтойына арналды. Оқушылар қоғам қайраткерінің толғауларынан үзінділер оқып, “Бала Қазыбек”, “Әділ шешім”, “Қазыбек пен қоңтажы” атты сахналық қойылымдарын қойып, көрермендерді қызықтыра түсті. Салтанатты мереке соңы ән мен күйге ұласты.