19
September
2022
АХМЕТ САЛҒАН САРА ЖОЛ..
19-қыркүйек күні Л.Н.Толстой атындағы орта мектебінде Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай, "Ахмет салған сара жол" атты мерекелік іс-шара өтті. Шараның мақсаты: Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылығы, кітаптары, ғылыми еңбектері туралы мағлұмат беру, ақын өмірін студенттерге үлгі ете отырып, өз елін сүюге, оның көркеюіне үлес қосуға тәрбиелеу және оқушыларымыздың танымдық деңгейін дамыту болып табылады. Оқушылармен кері байланыс жасалып, ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы сұрақтар қойылып, жауаптар алынды. Ақынның өмірі мен шығармашылығы келер ұрпаққа мәңгілік өнеге болып қала бермек.