Республикалық бірыңғай "Жас ұлан" балалар және жасөспірімдер ұйымы » Лев Николаевич Толстой атындағы орта мектеп
Almaty region
Қарасай ауданы білім бөлімінің
"Л.Н.Толстой атындағы орта мектебі"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(727) 369-71-92
bookkeeping:
+7(727) 369-71-92
Version for
visually impaired
» » Республикалық бірыңғай "Жас ұлан" балалар және жасөспірімдер ұйымы
21
December
2022

Республикалық бірыңғай "Жас ұлан" балалар және жасөспірімдер ұйымы

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БІРЫҢҒАЙ «ЖАС ҰЛАН» БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР ҰЙЫМЫна қабылдау СЦЕНАРИЙІ


Өтетін уақыты: 2022 жыл 21 желтоқсан

Өтетін жері: АКТ залы

Өткізілу түрі: Жас ұлан ұйымының салтанатты жиыны.

Қатысушылар: Мектептің 5-сынып оқушылары, ордабасы, мектеп әкімшілігі, сынып жетекшілері


(Даңқ залы ҚР мемлекеттік рәміздерімен безендіріледі. «Жас Ұлан» балалар ұйымының таңбасы баннерге бейнеленіп, ілінеді).
 Шақырылатын қонақтар: Ұстаздар, оқушылар және мектеп әкімшілігі.


 Жүргізуші :

АЛТЫНБЕК;Қайырлы күн, оқушылар және ұстаздар, мектеп әкімшілігі! Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар ұйымы қатарына бүлдіршіндерімізді қабылдау салтанатты жиынына қош келдіңіздер! 

Жүргізуші :

АҚБОТА;Бірыңғай « Жас Ұлан» балалар ұйымы Республикалық Қоғамдық Бірлестігінің қатарына мектеп оқушыларын қабылдау рәсіміне арналған салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз!

Жүргізуші :

АЛТЫНБЕК;Қазақстан күннен-күнге өркендеп, гүлденуде. Біз, осындай елде туғанымызға бақыттымыз. Бүгін ұстаздар және оқушылар Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар  ұйымына қабылдау рәсіміне куә болып отыр.
 
Тыңдаңыздар! Мектеп түзел! Тік тұр! Қазақстан Республикасының туы енгізілсін! /КӨК ТУ/ Жас Ұлан  ТУ

АЛТЫНБЕК;Жүргізуші :
 Түсініп терең, өмірдің мәнін,
 Жалынды жастар, сендерсің сәнім
 Беретін бойға күш-қуат,жігер
 Шырқалсын шаттық әнұран әнім!
 
Қазақстан Республикасының мемлекеттік Гимні орындалсын!


АЛТЫНБЕК;Жүргізуші :

Ендеше, оқушыларды  «Жас Ұлан» ұйымының қатарына қабылдау рәсіміне көше отыра, алдымен ұйымның мақсат, міндет, ережелерімен таныстыруға рұқсат етіңіздер.

«Жас Ұлан» ұйымының әрбір мүшесі:



  • Қазақстан Республикасының туындағы күннің түсіндей галстук тағу керек және Республикамыздың мемлекеттік нышандарын құрметтеп, мемлекеттік әнұранды жатқа айту керек.


  • Шет елдердің мемлекеттік нышандары, адамдардың немесе басқа да суреттер салынған, атаулар жазылған, киімдерді киюмен, заттарды пайдаланумен әуестенбейді.


  • Өзін тұрмыста, қоғамдық өмірде сыпайы, қарапайым мінезде ұстайды.








Жүргізуші :

АҚБОТА;


  • Қазақ тілін еркін меңгеріп елдің тарихын, мәдениетін, әдебиетін, өнерін, салт-дәстүрін жақсы білу, дамыта түсу сақтау үшін ынталы еңбектенетін болады.


  • Жас Ұлан ұйымының мүшесі - Отанының адал азаматтары.


  • Жас Ұлан ұйымының мүшесі - Отанының тәуелсіздігі мен бостандығы үшін күресуші.


Жас Ұлан ұйымының мүшесі - батырларымыздың атын құрметтеп, оның мәңгі қорғаушысы болуға дайындалады.


  • Жас Ұлан ұйымының мүшесі - оқуда, еңбекте және спортта өжетте, қайсар.


  • Жас Ұлан ұйымының мүшесі - шыншыл, адал жолдас, әрқашан да шыншылдық үшін күресуге дайын болуы керек.«Жас Ұлан» ұйымының негізгі мақсаты – оқушылардың қоғамдық, әлеуметтік, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту. Ал міндеттері - әлеуметтік тәжірибені байыту және дамыту, мектептегі тәрбиелік әлеуетін жүзеге асыру болып табылады.


АҚБОТА;Жүргізуші :

Білімді –көкіректе нұр деп түсін
 Жігерлі, жалынды отты жыр деп түсін.
 Аталған мақсат, талап, ережені,
 Орындауға бәріңде міндеттісің!

АЛТЫНБЕК;Жүргізуші:

 Біз Отанның Ұланы,

Жерқайысқанқалыңқол.

Тәуелсіз ел ұланы,

Ант беругедайын бол!
 Бүгінгі жиынның ең жауапты сәті, ант тапсыру рәсімін « ЖасҰлан» ұйымы қатарына қабылданушы оқушыларға береміз.
 


Анттың мәтіні:
 
 

Мен, ____________________, Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына кіре отырып:

Өз Отанымыздың – Қазақстан Республикасының патриоты болуға;

Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, дәріптеуге;

Туған елім, жерім, Отанымды мақтаныш етуге;

Ата-анамды қадірлеуге;

Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге;

Білімге табандылықпен ұмтылуға;

Салауатты өмір салтын ұстануға;

Табиғатты аялауға;

«Жас Ұлан» Ережесін бұлжытпай сақтауға және оны өз достарымыздан талап етуге ант етеміз.
 АНТ ЕТЕМІЗ, АНТ ЕТЕМІЗ, АНТ ЕТЕМІЗ! /3 рет/


АЛТЫНБЕК;Жүргізуші :

Құттықтау сөз мектеп директоры Райсбекова Гульмира Сейткеровнаға беріледі.

Жүргізуші :

АҚБОТА;Жүргізуші :

Құрметті, оқушылар «Жас Ұлан» ұйымына қабылдануларыңызбен құттықтаймыз!//РАХМЕТ/деп оқушылар айтады//.


АЛТЫНБЕК;Жүргізуші :

Егеменді еліміздің еңселі азаматтары болуларыңызға тілектеспіз. ҚР туы шығарылсын.


 Ризамын деп осындай жастық шаққа,
 Не жетер «Жас ҰЛАН» деген лайық атқа.
 Келеміз егеменді ел төріне өрлеп,
 Ашылып алдымыздан алтын қақпа.

Ақботаның орындауында «Туған ЕЛ» әні
 АҚБОТА;Жүргізуші :
 Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар  ұйымы қатарына салтанатты қабылдау рәсімі өз мәресіне жетті, салтанатты жиынымызды жабық деп жариялаймыз.




Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив