Телефонсыз бір күн! » Лев Николаевич Толстой атындағы орта мектеп
Алматы облысы
Қарасай ауданы білім бөлімінің
"Л.Н.Толстой атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 369-71-92
Есепші бөлімі:
+7(727) 369-71-92
Нашар көрушілер
нұсқасы
27
январь
2023

Телефонсыз бір күн!

Интернетке  тәуелділіктің алдын алу, телефонды пайдалану мәдениетін арттыру, телефонның зияны мен пайдасы жайлы мәлімет беру, оқушылардың бір күндік өмірлерін жоспарлай білуді үйрету мақсатында мектепішілік жоба жұмыстары жүргізілді. Бұл жобаға мектеп оқушылары белсене қатысты. 5 «Д» сыныбының жетекшісі Айнур Шарипова «Телефонсыз бір күн» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді.
Оқушылар телефонның пайдасы мен зияны жөнінде пікір-таласта өз ойларын ашық айта білді. «Телефонсыз бір күнді қалай өткізуге болады?» деген сұраққа таласа жауап берді. Және де, «Не үшін телефон ұстаған дұрыс деп ойлайсыңдар? Зиянды жағынан қалай қорғанасыңдар? Телефонсыз өмір несімен құнды? Өмір ағымынан қалып қалу болмай ма? Телефонсыз 1-күніңді қалай өткізер едің? Бұл күнді қаншалықты қайталап отырған дұрыс? »- деген сұрақтарға жан-жақты жауап беріп, ойларын дәлелмен келтіре білді.
Олар интернетте яғни компьютер мен ұялы телефонда аса көп уақыт отыру адам денсаулығына, психологиясы мен ой-өрісінің дамуына кері әсерін тигізетінін айтып өтті.
Оқушылар «Телефонсыз бір күнім» тақырыбында эссе жұмысын оқып берді. Ол күні бірі әдеби кітап оқимын, таза ауаға шығып серуендеймін, сүйікті ісіммен айналысамын, қыз балалар аналарына үй шаруасына көмектесемін, ал ұл балалар шахмат ойнаймын деп жазған.
Оқушылар топтық жұмыста тақырыпқа байланысты суреттер салды, ойларын айтып, пікір алмасты.
Телефонға жүгініп,үйреніп кеткен бала, яғни интернет арқылы хат алысып, сөйлесу-баланың айналасындағы адамдармен бетпе-бет сөйлесуіне де әсер етеді, сөйлеу мәдениетінен айырылады. Телефон мен компьютерден бөлінетін ультра-күлгін сәулесі көзге кері әсер етеді. Ал одан сорақысы- ұлттық, адами қасиеттерге нұқсан келтіретін материалдардың интернет бетінен орын алуы. Қазірде шығарма, эссе жаза алмайтын оқушылар бар. Бұның бәрі көп уақытын кітап оқумен емес, интернетке кіріп түрлі ойындар ойнап, уақытын тиімсіз өткізудің зардабы.Сол себептен оқушыларға әр күндерін дұрыс жоспарлай білулерін, әлеуметтік желіде емес шынайы өмірде достарымен, жақындарымен қарым-қатынас жасауларын, смартфоннан, компьютерден алшақ болуға үйрену керектігі түсіндірілді.

 
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив