Тажиева Назерке Абикеновна.
Аты-жөні, тегі: Тажиева Назерке Абикеновна
Туған күні, айы, жылы: 01.05.1991
Білімі: Жоғары
Мамандығы: Бастауыш сынып мұғалімі
Санаты: Педагог-модератор
Тажиева Назерке Абикеновна, Алматы облысы, Ақсу ауданы, Жансүгіров елді мекенінде 1991 жылы дүниеге келген.
Алғашқы шәкірт тәрбиелеу жолындағы қадамын І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік Университетінің «Педагогика және психология» мамандығы (2008-2012 ж.) және Халықаралық гуманитарлық техникалық университетінің «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» біліктілігімен (2017-2019 ж.) бастады.
2015 жылы Алматы облысы, Қарасай ауданы, Іргелі ауылына қарасты «Л.Н.Толстой атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бастауыш сынып мұғалімі болып қабылданды.
Тажиева Назерке мектеп табалдырығын ұстаз болып алғашқы қадам басуынан бастап тиянақтылығымен, ұқыптылығымен, шәкірттерінің жан дүниесін ұғына алатындығымен ерекшеленді. Өз мамандығының қыр-сырын, қиындығы мен қуанышын қатар алып жүре алатын жас ұстаз.
Мектеп ұжымымен, әріптестерімен тіл табыса алатын, үлкенге құрмет, кішіге ізет таныта білетін жақсы қасиетін бойына отбасының тәрбиесінен, ақылшы ұстаздарынан дарыған деп ойлаймын.
Сырт келбеті жинақы, ұстамды, сабырлы көркем мінезімен шәкірттері мен ата-аналардың көңілінен шығып, мектеп әкімшілігінің марапаттауларына ие болған жаңашыл ұстаз. Халықаралық «Үздік педагог» ұстаздар олимпиадасының жеңімпазы, ҚР Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын республикалық институтының «Құрмет грамотасымен» марапатталған, Республикалық «Бастауыш сынып ұстаздары» арасында өткен олимпиадасы және «Педагогика және психология» блиц-турнирінің 1-орын жеңімпазы, Республикалық «Мұқағали Мақатаев - поэзия тұлпары» көркем сөз оқуларының «Мадақтама» қағазымен марапатталған.
Өзіне берілген тапсырмаларды дер кезінде ойдағыдай орындай алады, интеллектуалдық қабілеті жоғары, ұшқыр қиялды, ізденімпаз ұстаз.
Тажиева Назерке Абикеновна, болашақта еліміздің бетке ұстар, дарынды оқушыларды тәрбиелеп шығаратын жаңашыл, мықты ұстаз болатынына сенімім мол.