Толыққанды офлайн оқу форматы
📚Коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысында толыққанды офлайн оқу форматына көшу мәселесі қарастырылды. Нәтижесінде, 2022 жылдың 14 ақпанынан бастап барлық сынып оқушылары дәстүрлі оқыту форматына ауысады. Естеріңізге салайық, алдыңғы ВАК отырысының нәтижесі бойынша 2022 жылғы 24 қаңтардан бастап 600 балаға дейін оқушысы бар мектептер толыққанды офлайн оқу форматына ауысты. 600-ден астам оқушысы бар мектептерде 1-4 сынып оқушылары үшін сабақ