Жетістіктеріміз » Страница 8 » Лев Николаевич Толстой атындағы орта мектеп
Алматы облысы
Қарасай ауданы білім бөлімінің
"Л.Н.Толстой атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 369-71-92
Есепші бөлімі:
+7(727) 369-71-92
Нашар көрушілер
нұсқасы
Жетістіктеріміз!
13
декабрь
2021
Жетістіктеріміз!
"Әлем" көркем гимнастика академиясының ұйымдастыруымен, Нұр-Сұлтан қаласындағы "Дәулет" спорт кешенінде "ALEM-SHINING STARS" атты Республикалық ашық чемпионат өтті. Жарысқа еліміздің барлық облыстарынан 2006-2017 жылдары туылған 700-ден астам қатысушы келіпті. Осы кішкентай гимнастшылардың қатарында біздің мектебіміздің 2 "Г" сынып оқушысы Кельвер Каролина Амелия да 2014 жылы туылғандар группасында өнер көрсетіп, 1-ші орынды🥇 иеленіп, диплом және алтын медальмен, сонымен қатар "МИСС УЛЫБКА"
Жетістіктеріміз!
11
декабрь
2021
Жетістіктеріміз!
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында, Алматы қаласында өткізілген, Республикалық бокс турнирінен мектебіміздің 6 "В" сынып оқушысы Бөлеген Бақашар 2010-2011 жылы туылғандар группасында 52 кг салмақ дәрежесінде 1-орын🥇 алып, диплом және алтын медальмен марапатталды!!! Құттықтаймыз!!!💐💐💐
"МЕКТЕП ЛИГАСЫ"
09
декабрь
2021
"МЕКТЕП ЛИГАСЫ"
"Алматы облысы білім басқармасының Қарасай ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен 5-6 сыныптар арасында өткен аудандық "МЕКТЕП ЛИГАСЫ" жарысында "Бес тас" ұлттық ойынынан "Л.Н.Толстой атындағы орта мектебі" КММ-сі 3-ші орын алғаны үшін марапатталды! Құттықтаймыз!!!
Жетістіктеріміз!
08
декабрь
2021
Жетістіктеріміз!
Алматы қаласының Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорының ұйымдастыруымен Тұңғыш Президент күніне орай өткізілген грек-рим күресінде "Л. Н. Толстой атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 3 "А" сынып оқушысы Салауатұлы Хамза 22 кг салмақпен ІІ орын иеленді!  
"Мектеп лигасы"
07
декабрь
2021
"Мектеп лигасы"
"Мектеп лигасы" бойынша Кемертоған ауылы Кемертоған орта мектебінде өткізілген аймақтық Ұлттық "БЕС ТАС" ойынынан "Л.Н.Толстой атындағы орта мектебі" комуналдық мемлекеттік мекемесінен: 5-6 сыныптар І орын🥇 7-8 сыныптар I орын🥇 9-11 сыныптар I орындарды 🥇 иеленіп, мадақтама қағаздарымен марапатталып, аудандық жарысқа жолдама алып келді!!! ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!💐💐💐  
Жетістіктеріміз!
04
декабрь
2021
Жетістіктеріміз!
Іргелі ауылдық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында, оқушылар арасындағы жыл мүшайрасына мектебіміздің 6-7 сынып оқушылары қатысып, Бауыржан Дариға 3-ші орынды иеленді! Құттықтаймыз!!!
Жетістіктеріміз!
03
декабрь
2021
Жетістіктеріміз!
Мектебіміздің оқушылары 2021 жылдың 21 қыркүйек пен 5 қараша аралығында "ReStart" республикалық жобасының аясында ұйымдастырылған кибербуллинг, лудомания, интернетке тәуелділіктің алдын алу бойынша "Қысқаметражды фильмдер" байқауына қатысып, арнайы сертификаттармен марапатталды! Құттықтаймыз!!!
Үздік орыс тілі пәнінің мұғалімі
04
ноябрь
2021
Үздік орыс тілі пәнінің мұғалімі
Л.Н.Толстой атындағы орта мектеп базасында "Үздік орыс тілі пәнінің мұғалімі" аймақтық байқауы өткізіліп, өз мәресіне жетті. Байқау нәтижесінде мектебіміздің орыс тілі пәнінің мұғалімі Маманова Динара 2-ші орынды иеленді. Жалықпай еңбек етіп, ұстаздық жолында адал қызмет етіп жүрген педагогтарымызға мол шығармашылық табыс тілейміз. 
"БЕКЕТ" қысқаметражды фильмі
26
октябрь
2021
"БЕКЕТ" қысқаметражды фильмі
"Жас Ұлан" біріңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының бастамасымен, жастардың назарын интернет-тәуелділік, кибербуллинг, құмар ойындарға тәуелділік проблемаларына аудару, сондай-ақ ұсынылған тақырыптар шеңберінде бейнеөнімдер дайындау мақсатында және Интернет-тәуелділіктің алдын алу; жастардың шығармашылығын дамыту; дарынды жастарға қолдау көрсету міндеттерін негізге ала отырып, қысқаметражды фильмдер байқауына "Л.Н.Толстой атындағы орта мектебі" КММ-нің оқушылары "БЕКЕТ" атты қысқаметражды
Оқушылар жетістіктері!
23
октябрь
2021
Оқушылар жетістіктері!
Қарасай аудандық мәдениет үйінің парасаттылық мәдениетін ілгерілету жөніндегі 2021 жылға арналған кешенді іс-шаралар жоспары аясында, "Қарасай ауданының жастар ресурстық орталығымен" бірлесе өткізілген аудандық "Жемқорлықты жеңу жолдары" әдеби байқауынан "Л.Н.Толстой атындағы орта мектебі" КММ-нің 10 "Ә" сынып оқушысы Тұрапбаева Айша 3-ші орынды иеленді! Құттықтаймыз!💐