Оқушылар жетістіктері » Страница 6 » Лев Николаевич Толстой атындағы орта мектеп
Алматы облысы
Қарасай ауданы білім бөлімінің
"Л.Н.Толстой атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 369-71-92
Есепші бөлімі:
+7(727) 369-71-92
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Жас блогер!» облыстық байқауы
11
декабрь
2021
«Жас блогер!» облыстық байқауы
Алматы облысы Білім басқармасының дене тәрбиесі, спорт, алғашқы әскери дайындығы және қосымша білім берудің ғылыми тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен. Дарынды балалар мен жастарды анықтау және қолдау арқылы білім алушылардың тұлғалық рухани мәдениетін қалыптастыру мақсатында, «Жас блогер!» облыстық байқауына түсірілген: 10 "А" сынып оқушысы Жаббарбергенов Алтынбектің "Жас блогер" атты бейнеролигі!
Жетістіктеріміз!
11
декабрь
2021
Жетістіктеріміз!
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында, Алматы қаласында өткізілген, Республикалық бокс турнирінен мектебіміздің 6 "В" сынып оқушысы Бөлеген Бақашар 2010-2011 жылы туылғандар группасында 52 кг салмақ дәрежесінде 1-орын🥇 алып, диплом және алтын медальмен марапатталды!!! Құттықтаймыз!!!💐💐💐
"МЕКТЕП ЛИГАСЫ"
09
декабрь
2021
"МЕКТЕП ЛИГАСЫ"
"Алматы облысы білім басқармасының Қарасай ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен 5-6 сыныптар арасында өткен аудандық "МЕКТЕП ЛИГАСЫ" жарысында "Бес тас" ұлттық ойынынан "Л.Н.Толстой атындағы орта мектебі" КММ-сі 3-ші орын алғаны үшін марапатталды! Құттықтаймыз!!!
Жетістіктеріміз!
08
декабрь
2021
Жетістіктеріміз!
Алматы қаласының Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорының ұйымдастыруымен Тұңғыш Президент күніне орай өткізілген грек-рим күресінде "Л. Н. Толстой атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 3 "А" сынып оқушысы Салауатұлы Хамза 22 кг салмақпен ІІ орын иеленді!  
"Мектеп лигасы"
07
декабрь
2021
"Мектеп лигасы"
"Мектеп лигасы" бойынша Кемертоған ауылы Кемертоған орта мектебінде өткізілген аймақтық Ұлттық "БЕС ТАС" ойынынан "Л.Н.Толстой атындағы орта мектебі" комуналдық мемлекеттік мекемесінен: 5-6 сыныптар І орын🥇 7-8 сыныптар I орын🥇 9-11 сыныптар I орындарды 🥇 иеленіп, мадақтама қағаздарымен марапатталып, аудандық жарысқа жолдама алып келді!!! ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!💐💐💐  
Жетістіктеріміз!
04
декабрь
2021
Жетістіктеріміз!
Іргелі ауылдық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында, оқушылар арасындағы жыл мүшайрасына мектебіміздің 6-7 сынып оқушылары қатысып, Бауыржан Дариға 3-ші орынды иеленді! Құттықтаймыз!!!
Жетістіктеріміз!
03
декабрь
2021
Жетістіктеріміз!
Мектебіміздің оқушылары 2021 жылдың 21 қыркүйек пен 5 қараша аралығында "ReStart" республикалық жобасының аясында ұйымдастырылған кибербуллинг, лудомания, интернетке тәуелділіктің алдын алу бойынша "Қысқаметражды фильмдер" байқауына қатысып, арнайы сертификаттармен марапатталды! Құттықтаймыз!!!
"Тоғызқұмалақ-day"
18
ноябрь
2021
"Тоғызқұмалақ-day"
"Салауатты өмір салтын сақтау" жобасы аясында "Шахмат-day" және "Тоғызқұмалақ-day" тақырыптарында спорттық жарыстар өтті.  
Оқушылар жетістіктері!
13
ноябрь
2021
Оқушылар жетістіктері!
🏆🥇"Л.Н.Толстой атындағы орта мектебі" КММ-нің 2 "И" сынып оқушысы Алексеева Арина Республикалық балалар биінің мерекелік фестивалінде Балет биінен 1 орын алып, кубок және медальмен марапатталды! Құттықтаймыз💐💐💐 🏆🥇 Алексеева Арина, ученица 2 «И» класса КГУ «Средняя школа им. Л.Н. Толстого» заняла 1 место по балетному танцу на Республиканском фестивале детского танцевального торжества и награждена кубком и медалью! Поздравляем💐💐💐
Олимпиада!
12
ноябрь
2021
Олимпиада!
12 қараша 2021 жылы қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, жаратылыстану, математика, Қазақстан тарихы пәндерінен 5-6-сыныптар арасында мектепішілік олимпиада өтті. Олимпиадаға 94 оқушы қатысып, оқушылар тарапынан үлкен белсенділік байқалды.