03
февраль
2023
3 "Ғ" сынып оқушылары " Әжемнің ертегілері" тақырыбында ашық сабақ өткізді.
"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында 3 "Ғ" сынып оқушылары " Әжемнің ертегілері" тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Сабақтың мақсаты: Школьникам кітап оқуға, оның ішінде ертегілерді оқуға шақыру.Ертегілер арқылы жалпы дамуға, рухани құндылықтарды бойына сіңіріп,маңызын ашу.
Мектеп балаларын тәрбиелеудің құралы әдебиет, оның ішінде көркем әдебиеттің көне жанры – ертегі.
Ертегінің көркем де жеңіл тілі баланың қиялына қанат бітіріп, арманын асқақтатып, еңбексүйгіштікке, адалдыққа, батылдыққа тәрбиелейді.
Сол себепті мектеп балаларға ертегі оқу арқылы сөйлеуге, өз ойларын әдемі жеткізіп баяндауға, тыңдағанын есте сақтап, мазмұндап айтуды үйретуге қолға алып отырмыз.
Балалардың білуге құмарлығы зор. Олар құбылтып айтқан ертегі, әңгімені сүйсіне тыңдайды.
Ертегі оқу арқылы балалардың бойына жақсы қасиеттерді сіңіріп, жағымсыз қасиеттерден аулақ болуға, ертегі кейіпкерлерінің іс-әрекетіне қорытынды жасай отырып, балаларды адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеу. Балалардың дүниетанымын байыту, қоғамдық өмір туралы ұғымдарын кеңейту, эстетикалық сезімдерін ояту жүзеге асырылмақ.
Сынып жетекшісы: Абдулмуминова Айсұлу