Алмабекова Майкуль Тлеухановна » Лев Николаевич Толстой атындағы орта мектеп
Алматинская область
Қарасай ауданы білім бөлімінің
"Л.Н.Толстой атындағы орта мектебі"
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(727) 369-71-92
Бухгалтерия
+7(727) 369-71-92
Версия для
слабовидящих
17
февраль
2021

Алмабекова Майкуль Тлеухановна

Аты-жөні : Алмабекова Майкуль Тлеухановна

Туған күні, айы, жылы: 27.04.1969 ж

Білімі: Жоғары

Мамандығы: Көркем еңбек пәнінің мұғалімі

Санаты: Жоғары санатты


«Ұлағатты ұстаз», «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісінің иегері.

Алмабекова Майкуль Тлеухановна «Ұлағатты ұстаз», «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісінің иегері.

Алмабекова Майкуль Тлеухановна Алматинская область, Райымбек ауданы, Текес ауылында 1969 жылы дүниеге келген. Алғашқы мектеп саласындағы қызметін Райымбек аудандық оқу бөлімінде хатшылықтан бастаған. Шәкірт тәрбиелеу жолындағы қадамын Райымбек ауданы Нарынқол ауылында Б.Соқпақбаев атындағы орта мектебінен бастап, сол ауылдағы Т.Жанұзақов, О.Жандосов атындағы орта мектептерінде ұстаздық жолында қызмет атқарған. 2010-2014 жылдары Алматинская область, Қарасай ауданы, Ақжар ауылына қарасты «С.Көпбаев атындағы орта мектебі» отдела образования Кербулакского районанде технология пәнінің мұғалімі болып қызмет атқарды. 2014-2016 жылдарда Талғар ауданы Қызыл-Қайрат ауылында «Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар №19 көпсалалы мектеп-гимназиясы» отдела образования Кербулакского районанде дефектолог; 2016-2018 жылдары директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары; 2018-2019 оқу жылында директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметінде жұмыс атқарды. 2019 жылдың қаңтар айынан Алматинская область, Қарасай ауданы, Іргелі ауылына қарасты «Л.Н.Толстой атындағы орта мектебі» отдела образования Кербулакского районанде Көркем еңбек пәнінің мұғалімі қызметіне қабылданды.

Алмабекова Майкуль Тлеухановна мектеп саласында қызметін хатшы,лаборант,кітапханашы,ақпарат жүргізуші,іс-жүргізушіліктен бастап ,табалдылығымен,қайтпас қайсарлылығымен, тиянақтылығымен, ұқыптылығымен, ұстаздық жолды таңдап нәтижесінде, директордың тәрбие ісі,оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарды. Кез-келген әріптестерімен,ата-анамен жылдам тіл табысып, оқушының жан дүниесін ұғына алатындығымен ерекшеленді. Өз мамандығының қыр-сырын, қиындығы мен қуанышын қатар алып жүре алатын ұстаз. Еңбегінің нәтижесінде 2015 жылы «Ұлағатты ұстаз», 2017 жылы «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгі иегері атанды.

Мектеп ұжымымен, әріптестерімен тіл табыса алатын, үлкенге құрмет, кішіге ізет таныта білетін,ұқыпты, берілген тапсырманы тиянақты орындайтын ұстаз. Ұстамды,сабырлы,үлгілі-ана.

Республикалық «Жастар жаққан жұлдыз», «Нұрлы Жастар-болашаққа жол бастар», «Сырым бар жүрегімде» атты байқауда жастарды өнерге баулып,болашақтың алға жетелер жарық жұлдыз нысанына еркін жетерлік тәлім-тәрбие беріп,дарынды шәкірттер тәрбиелегенім үшін Диплом,Алғыс хаттармен марапатталды. «Ziуat» дарындылықты дамыту орталығының ұйымдастыруымен өткен Ресрубликалық ұстаздар олимпиадасында технология пәнінен бірінші орын марапатына ие болса, «Stars project» атты Халықаралық жасөспірімдер арасында өткен ән-күй, би, көркем сөз, шығармашылық жұмыстар байқауына өнерді жоғары бағалай білетін, жас

ұрпақты баулып, сапалы үлес қосқаны үшін «Нұрлы жастар» өнер орталығының Мадақтамасымен марапатталды.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» ғылми-әдістемелік орталығының республикалық байқауында бірінші орын «Жаңашыл мұғалім» дипломымен марапатталды. Республикалық «Өрлеу» порталының және «MediaBilim» ақпараттық танымдық журналының ұйымдастыруымен өткен «Қош келдің,Алтын күз» атты республикалық байқауға шәкірттерін қатыстырып,шығармашылық жұмысқа баулып,талап қоя білгендеріңіздің күштілігі мен бәсекеге қабілетті жастарды дайындағаны үшін «Алғыс хатпен» марапатталды. Республикалық «Ұстаз-мектеп тірегі» ғылыми-әдістемелік журналына үздік сабақ жоспарымен мақаласын республика көлемінде таратып тәжірибе алмасқаным үшін Дипломмен марапатталды. Республикалық «Ұстаз-мектеп тірегі» ғылыми-әдістемелік журналының №9 (70) қараша айындағы санына «Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті» сабағым жарияланды. Сонымен қатар, ең үздік 10 мұғалім қатарына илінгендіктен журналдың сыртқы бетіне суреті шықты. Үш тілдегі Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары кітабына сабағы шығып,шығармашылық көрмеден Сертификатпен марапатталдым.

Қазан айында онлайн өткізілген Республикалық Блиц-турнирінің 1 орын жеңімпазы аталып I дәрежелі Дипломмен марапатталды.

Республикалық «Дара бала» журналының ұйымдастыруымен өткен ән-күй,көркем сурет,көркем сөз,қолөнер жарыстары бойынша « Көркем сурет» байқауына білімді шәкірт дайындағаным үшін Республикалық «Дара бала» журналының I дәрежелі Дипломымен марапатталды. Рухани жаңғыру аясында «Қыс қызығы-2021»тақырыбында ұйымдастырылған Республикалық «Менің ғажайып әлемім» атты қолөнер,сурет байқауына шәкірттерді дайындап қатыстырғаны үшін Алғыс хатпен марапатталды.

Жас ұрпақты тәрбиелеудегі адал еңбегім мен қоғамдық жұмысқа белсенділігім үшін «Алматинская область білім беру мекемелері қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы Қарасай аудандық Филиалының» мақтау қағазымен марапатталдым.


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив