Кобдикова Айжан Кабдылканатовна » Лев Николаевич Толстой атындағы орта мектеп
Алматинская область
Қарасай ауданы білім бөлімінің
"Л.Н.Толстой атындағы орта мектебі"
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(727) 369-71-92
Бухгалтерия
+7(727) 369-71-92
Версия для
слабовидящих
18
февраль
2021

Кобдикова Айжан Кабдылканатовна

Аты-жөні, тегі: Кобдикова Айжан Кабдылканатовна

Туған күні, айы, жылы: 01.04.1986

Мамандығы: «050102-Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» 

Санаты: жоқ

Кобдикова Айжан Кабдылканатовна, 1986 жылы 1-ші сәуірде туылған. 2004 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтына түсіп, «050102-Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институтының жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламасын толық меңгеріп, 2008 жылы үздік дипломмен аяқтады.

2009-2011 жылдары Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «6М010100 - Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесі беріліп, оқуды үздік аяқтады. 

Еңбек жолын 2008 жылы «Корпорация модульной технологий» атты жеке меншік балабақшадан бастады. 2011 жылы «Алматы дарынды жастар колледжінде» жұмысын атқарып, студенттерді қоғамдық жұмыстарға  белсенді қатысуға машықтандырды.

2013 жылы «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Алматы қаласы бойынша ПҚ БАИ-да мұғалімдердің біліктіліктерін арттыру жұмысында өз үлесін қосып, институт аралық жұмыстарға белсене қатысып, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы әзірлеген  Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту аясында бастауыш сынып мұғалімдерінің біліктілігін арттыру бағдарламасы бойынша тренерлік қызметті атқарды.

2019 жылы «Бөбек» ҰҒПББСО» Адамның үйлесімді дамуы институтында  «Өзін-өзі тану» пәнін оқытудың ғылыми-әдіснамалық негіздері» бойынша тренер қызметін атқарып, қоғам үшін өз үлесін қосты.

2020 жылы Алматинская область, Қарасай ауданы, Іргелі ауылына қарасты «Л.Н.Толстой атындағы орта мектебі» КММ-не метеп алды даярлық сыныбының мұғалімі блып қабылданды.

Кобдикова Айжан біліктілігі жоғары, тәжірибесі мол ұстаз болғандықтан мектеп ұжымымен, әріптестерімен тез тіл табысып, бірлесіп жұмыс жасауда.

Өз мамандығының қыр-сырын білетін, жан-жақты, білімді, алға қойған мақсатына жете білетін, талапты, адал, мейірімді, рухы мықты ұстаз. Ең басты шәкірттерінің жан дүниесін ұғына алатын, ата-аналармен ортақ тіл табысып, қарым-қатынасқа еркін түсе алатынымен ерекшеленеді.

«Ұстаз тілегі» Республикалық ғылыми-әдістемелік орталының қазан айында өткізілген «Мектеп жасына дейінгі балаларды құқықтық тәрбиелеу» Блиц-турнирінің 2 орын жеңімпазы дипломымен марапатталды. 

«Ұстаз тілегі» Республикалық ғылыми-әдістемелік орталының қараша айында «Өзін-өзі тану» пәнінен ұстаздар арасында олимпиадаға қатысып, сертификат берілді.

«Ұстаз тілегі» Республикалық ғылыми-әдістемелік орталының қазан айында өткізілген  Республикалық «Берекелі күз» байқауына жеңімпаздарды дайындағаны үшін алғыс хатпен марапатталды.

Білімқұмар балаларға арналған республикалық «Үркер» марафонының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін сапалы дайындағаны үшін   дипломмен марапатталды.



Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив