«Жігер» ансамбльі
«Ұстаздық еткен жaлықпac, үйретуден бaлaғa» — деп Aбaй aтaмыз aйтқaндaй, бүгінде осы ұлы жолда аянбай еңбек етіп, ұрпақ тәрбиесін бірінші кезекке қоятын асыл жанды ұстаздар өте көп. Сондай жандардың бірі ұстаздық жолда еңбек етіп келе жатқан Лев Толстой атындағы орта мектебінің музыка пәнінің мұғалімі Тулегенова Айжан Базарбайқызын ерекше атап айтуға болады. «Атадан қалған қасиетті өнер өлмеуі тиіс. Қайта заман ағымына қарай жаңғыруы керек», -дейді шебер ұстаз. Бұл ұстаздың көреген ұстанымы.