Тангирбергенов Ербол Нурмуратович
Аты-жөні, тегі: Тангирбергенов Ербол Нурмуратович
Туған күні, айы, жылы. 04.03.1981
Білімі: Жоғары
Мамандығы: Дене шынықтыру мұғалімі
Тангирбергенов Ербол Нурмуратович, Мырзашөл ауданы, Достық елді мекенінде 1981 жылы дүниеге келген.
Алғашқы шәкірт тәрбиелеу жолындағы қадамын.Л.Н.Толстой атындағы орта мектебі
2019 жылы Алматы облысы, Қарасай ауданы, Іргелі ауылына қарасты «Л.Н.Толстой атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бастауыш сынып мұғалімі болып қабылданды.
Тангирбергенов Ербол мектеп табалдырығын ұстаз болып алғашқы қадам басуынан бастап тиянақтылығымен, ұқыптылығымен, шәкірттерінің жан дүниесін ұғына алатындығымен ерекшеленді. Өз мамандығының қыр-сырын, қиындығы мен қуанышын қатар алып жүре алатын жас ұстаз.
Мектеп ұжымымен, әріптестерімен тіл табыса алатын, үлкенге құрмет, кішіге ізет таныта білетін жақсы қасиетін бойына отбасының тәрбиесінен, ақылшы ұстаздарынан дарыған деп ойлаймын.
Сырт келбеті жинақы, ұстамды, сабырлы көркем мінезімен шәкірттері мен ата-аналардың көңілінен шығып, мектеп әкімшілігінің марапаттауларына ие болған жаңашыл ұстаз. Республикалық «Үздік жас маман» ұстаздар олимпиадасының жеңімпазы,
Өзіне берілген тапсырмаларды дер кезінде ойдағыдай орындай алады, интеллектуалдық қабілеті жоғары, ұшқыр қиялды, ізденімпаз ұстаз.
Тангирбергенов Ербол Нурмуратович, болашақта еліміздің бетке ұстар, дарынды оқушыларды тәрбиелеп шығаратын жаңашыл, мықты ұстаз болатынына сенімім мол.