Әмірашева Бақытгуль Кеңесқызы » Лев Николаевич Толстой атындағы орта мектеп
Алматинская область
Қарасай ауданы білім бөлімінің
"Л.Н.Толстой атындағы орта мектебі"
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(727) 369-71-92
Бухгалтерия
+7(727) 369-71-92
Версия для
слабовидящих
17
февраль
2021

Әмірашева Бақытгуль Кеңесқызы

Аты - жөні: Әмірашева Бақыткүл Кеңесқызы.
Туған күні, айы, жылы: 01.01.1985ж.
Білімі: жоғары.
Мамандығы: биология пәнінің мұғалімі.

МЕН ӨЗ МАМАНДЫҒЫМДЫ ЖАҚСЫ КӨРЕМІН


(Эссе)


Мамандық таңдау – жауапты іс, маңызды қадам. Адамның бақытты болуы, ұзақ өмір сүруі, мақсат-мұраттарына қол жеткізуі таңдаған мамандығына тікелей байланысты. Өмірдің өзі дәлелдегендей мамандық таңдау, ол – болашақты таудаумен бірдей. Осы ретте, мен өз мамандығымды жақсы көремін деп нық сеніммен айта аламын.

Мұғалім болуды көздеген бала күнгі арманыма сапалы білім, саналы тәрбие берген ұлағатты ұстаздарымның өнегелі өмірі мен ғибратты ғұмыры әсер етті. Оқушы кезімде тағдыры тағылымға толы ұстаздарға әркез қызыға қарайтынмын. Әріп танытып, қолға қалам ұстатқан мұғалім ең ізгі, ең мейірімді, ең ардақты жан болып санамда жатталып қалды. Осылайша, мен өзіме білім берген ұстаздар секілді абыройлы, білікті маман болуды армандап, бүгінде сол арманыма қол жеткіздім. Қазір Л.Толстой атындағы орта мектепте биология пәнінен сабақ беремін. Бұған дейін әл-фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті және Абай атындағы Қазақ ұлттық университетінде, ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Микробилогия және вирусология» институтында еңбек еттім. Оңтүстік Корей мемлекеті Сеул қаласында ғылыми тағылымдамадан өтіп, биология мамандығы бойынша философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін иелендім. Зерттеу жұмысымның барлық нәтижелері халықаралық жоғары дәрежелі ғылыми журналдарда басылып шықты. Жалпы педагогикалық және ғылыми бағыттағы тәжірибем 13 жылды құрайды.

Оқушылармен жұмыс жасау қызық әрі үздіксіз ізденісті талап етеді. Мен оқушыларды жаңа заман талабына бейімдеуге күш салып келемін. Оқушылар арасында экологиялық мәдениет пен білімді қалыптастыру – менің басты мақсатым. Таңдаған мамандығымды жақсы көргендіктен, бұл мақсатыма жететініме сенемін. 

Өзім сүйіп таңдаған мамандығымды меңгеріп, еңбек етіп, қоғам дамуына үлес қосып жатқандықтан менің әрбір күнім көңілді өтеді. Тіпті, өзімді өзге мамандық иесі ретінде мүлдем елестете алмаймын. «Үйден жұмысқа, жұмыстан үйге асығатын жан – нағыз бақытты адам» демекші, мұғалімдік мамандықты таңдағаныма қуаныштымын.

Біздің алдымызда үлкен міндеттер тұр. Елдің ертеңі экономикалық белсенді халықтың еңбегіне тікелей байланысты. Сондықтан әрбір жас елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосу үшін мамандық таңдаудан қателеспеу керек. Ал, сенім – барлық арманның түпқазығы. Мен мұғалімдік мамандықтың шыңына шығып, шәкірт тәрбиелеу ісінде жарқын жетістіктерге жетіп келемін. Шәкірттерім де биік белестерді бағындыруда. Бұл – менің және мақтанышыма айналған мамандығымның мәуелі жемісі. Әр маман өз мамандығының жемісін көруге лайықты деп білемін.


Әмірашева Бақыткүл Кеңесқызы,

Л.Толстой атындағы 

орта мектебінің 

биология пәні мұғалімі



Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив