Мектеп тарихы » Лев Николаевич Толстой атындағы орта мектеп
Алматы облысы
Қарасай ауданы білім бөлімінің
"Л.Н.Толстой атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 369-71-92
Есепші бөлімі:
+7(727) 369-71-92
Нашар көрушілер
нұсқасы
25
октябрь
2021

Мектеп тарихы

Мектеп тарихы

   Іргелі ауылында ХХ ғасырдың 30 жылдарында “Прямой Путь” колхозы ұйымдастырылған. Тұңғыш төрағасы Исағұлов Қуанышбек болған. Осы жылдары Іргелі ауылында тұңғыш мектеп ашылды. Мектеп “Сауатсыздықты жою” ұранымен ұйымдастырылған еді. 15-50 жас аралығындағы ауыл тұрғындары тұңғыш рет сауатын ашты.

1940-1941 жылдары “Прямой Путь” бастауыш мектебін Ботбаев Хамит Серікұлы басқарды. 

1950-60 жылдары мектепті басқарған жергілікті азаматымыз Рахметов Мәди. Ол қажырлы еңбегімен ұрпақтарға берген тәрбиесімен әлі күнге дейін ел аузынан кетер емес. Мектебіміздің ғимараты орналасқан көше осы кісінің атында.

1965 жылдан бастап мектепке “Л.Н.Толстой” аты берілді. Мектепте орыс тілінде оқытылатын сыныптар ғана болған еді.

1971-1978 жылдары мектеп директоры Каркенов М.Т. Орталық атқару партия комитетіне хат жазып КОКП-ның ХХІ- съезінің ұсынысы бойынша Іргелі ауылында тұңғыш орта мектеп салынды. 680 орындық орта мектеп Л.Н. Толстой атындағы қазіргі ғимарат. 

1979 жылы мектепті басқарған Хамитов Нұрқасан Хамитович өте еңбекқор, іскер басқраушы ретінде мектеп деңгейін аудандық көлемде бірінші қатарда көрсетті.

1980-1982 жылдары мектеп директоры Жанақбаева Кулипа Ильясовна болды.

1982-1995 жылға дейін мектеп директоры Родинко Нина Федоровна болды.

1997-1999 жылдары  Тайбекова Култай Рымбековна басқарды.

1999-2000 жылдары мектеп басшылығында Абдрау Қайрат Абдрауович болды.

2001-2006 жылдары Сарсембаева Жанат Сауырбайқызы,

2006-2008 жылдары Айтжанова Гульзира Асанқұлқызы,

2008-2010 жылдары Карибаева Базархан Капарқызы, 

2010-2011жылдары Дауренбаева Роза Жарылкановна, 

2011-2014 жылдары Болымбекова Анар Омаровна, 

2015-2017 жылдары Килыбаева Айнаш Мелисовна, 

2017-2020 жылдары Накысбеков Дархан Сатылганович басқарды.

2020 жылдан  Райсбекова Гульмира Сейткеровна басқарып келеді.

Мектеп тарихында аса қадірлі орын алатын ұстаздар қатарына 35-40 жыл еңбек етіп келе жатқан: Ж.Қожамқұлқызы, С.Атчабарова, Н.Жангазина, З.Иргалиева, М.Нұршева, Х.Рахимова, Б.Джанузакова, О.Еманакова, Л.Машкенова және құрметті демалыстағы еңбегі сіңген ардагер ұстаздар: Е. Турсумбаева, Д. Мусаева, Г. Мамажанова, К. Тайбекова, Т. Аяганова, С. Тукусбаеваларды атап өтуге болады. 

Мектеп –білім ордасы. Мектеп тарихы сан жылдар бойы ұстаздар мен шәкірттердің өнегелі қарым –қатынасы мен еңбегінің жемісін көрсетеді. Осы орайда Л.Н.Толстой атындағы орта мектебінің тарихына тереңірек тоқталғанда:

Бұрынғы Қошмамбет ауылындағы бастауыш мектебі  1929 жылы ашылды.Оның алғашқы ғимараты клубтың алаңында орналасқан. Мектептің меңгерушісі 1935 жылға дейін Рахимов болды, ал 1935 жылы мектеп меңгерушісі болып тағайындалған Садвакасов Сардер Садвакасович 1942 жылы соғысқа кетіп, Отан қорғау борышын атқару барысында қайтыс болады. Осыдан кейін мектеп меңгерушісі болғандар:

1942-1943 жылдары –Рахметов  Мади   Рахметович

1943-1946 жылдары –Иванов Павел Леонтьевич

1946 жылы - Дубин Е.Я.

1947-1953 жылдары-Погодина Анна Васильевна

1953 жылы- Балабанова Евдокия Михаиловна

1954-1958жылдары- Балабанова Татьяна Егоровна

1958 жылы «Прямой путь» бастауыш мектебі жеті сыныптық «Прямой путь» мектебі болып, одан кейін сегіз жылдық мектеп болып қайта құрылды. Мектеп директоры болып Рахметов Мади Рахметович тағайындалды.

Білім басы – бейнет, соңы – зейнет деген дана халқымыз. «Прямой путь» мектебінде мұғалімдердің басым бөлігі өздерінің көп жылдық маңдай терін білім саласына төкті. 30 жылдан аса шәкірттерін білім нәрімен сусындандырып,талмай еңбек етті. Атап айтар болсақ, Балабанова Татьяна Егоровна, Балабанова Евдокия Михайловна, Филимонова Надежда Лукинична, Кеди Тамара Николаевна, Рахметова Шайза Сериковна, Вирт Анна Александровна, Машкенова Лидия Машкеновна және т.б.  Олардың кейбіреулері «Қазақ ССР-ның Халық ағарту ісінің үздігі» төсбелгісімен    марапатталған дарынды тұлғалар.

   Ботбаев Хамит Серикович 1919 жылы  Қарағанды облысы Шет ауылында дүниеге келген. Еңбекшіқазақ ауданындағы Қопал – Арасан бастауыш мектеп-интернатында оқыған.Түрген ауылының жұмысшы факультетін бітірген. 1938 жылы ҚазПИ-дің математика факультетін бітіріп, Ұзынағаш ауылындағы орта мектебінде математика пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеді. 1940-1941 жылдары «Прямой путь» ауылындағы бастауыш мектебінде жұмысын жалғастырып,1942 жылы әскер қатарына шақырылды. 1942 жылдың басында Сталинград түбінде қаза тапты.

Рахметов Мади Рахметович

1912 жылы дүниеге келген. Ол бүкіл саналы ғұмырын білім саласына арнады. Институтты бітірген соң Шудың қазақ мектебінде 6 жыл жұмыс істеді. 1941 жылдың 29 қаңтарында Жамбыл ауданының білім бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды. 1941 жылдың 2 қазанында Қаскелең ауданының БСМ диреткоры қызметін атқарды,  ал 1945 жылы Қаскелең ауданының білім бөлімі меңгерушісі болып тағайындалды. 

1949-1970 жылдары аралығында жеті жылдық «Прямой путь» мектебінің директоры болды. Бұл кісінің жарқын бейнесі шәкірттерінің жүрегінде мәңгі сақталады. Мади Рахметов құрметке лайықты бірнеше ұрпақ тәрбиеледі. Солардың ішінде: Бейсенбаев Абдильда, Елеусов Малик, Джапарова Гулсара,Сурова Валентина Сергеевна, Сара Абдибековна және т.б. бар.

Хамитов  Нурхасен Хамитович

1979 жылы аталмыш мектепті Н.Х.Хамитов басқарды. Мектеп ісіне белсене араласқан Н.Х.Хамитов жолдас өзінің мейірімді , ілтипатты, ізетті іскер жан ретінде таныта білді. Мектеп жаңа ашылғандықтан атқарылатын жұмыс та көп болды. Н.Хамитов басқарған ұжым мектеп жұмысының алға басуына бар ынталарын салып кірісті. Соның нәтижесінде көп ұзамай мектеп аудандағы ең үздік мектептің бірі болды. 

Каркенов Мадениет Тастанбекович

Институтты бітірген соң Іле аудандық Октябрь ауылында ұстаз болып  жұмыс істеді. 1971 жылы «Прямой путь» ауылдық мектебіне директор болып тағайындалды. Ол жылдары мектептің ғимараты ескі еді.1978 жылы Мәдениет Тастанбекович жаңа мектеп құрылысын көтеруге өтініш білдірді. Осы жұмыстың негізінде ауылда 1200 оқушыға арналған мектеп салынды.  Мәдениет Тастанбековичті Л.Н.Толстой атындағы орта мектептің негізін қалаушы деп атауға болады. 

1980 жылы М.Т.Каркенов Каменка селосының   председателі болып тағайындалады.  1992 жылы аудандық білім бөлімінің меңгерушісі болады. Мәдениет Тастанбекович еңбекқор жан,сол кездері Қарасай ауданы облыстағы ең мықты аудандардың бірі болып саналды. Каркенов мырза адамдардан мейірімділікті, жылулықты көре білетін еңбекқор адам.

Біздің мұғалімдер

Еманакова Ольга Ивановна 35 жылдан аса уақыт осы мектепте ұстаздық қызмет атқарды. Ол ҚазМис-тің құрметті еңбек   ардагері Минакина Пелагия Никитичнаның қызы еді. Орыс тілі мен орыс әдебиеті пәнінің мұғалімі. Дарында педагог жоғарғы деңгейдегі өз мамандығының білгірі болды. Ольга Ивановнаның әрбір сабағы -шығармашылыққа толы,оқушының жеке тұлға болуына жетелейтін еді.

Жібек Қожамқұлқызы-жоғары білімді жан. Ұстаз -  әдебиетке, тарихқа деген сүйіспеншілігі  мол, өлең, айтыс шығаратын өнері бар, жан-жақты білімді мұғалім. Оның оқушылары - биология пәнінен олимпиада жеңімпаздары және кіші ғылыми академиясының мүшелері болды.

Атчабарова Сара Абдибекқызы-физика пәнінің мұғалімі, өз мамандығын жан-тәнімен сүйетін, шәкірттеріне терең білім беретін тұлға. Ұстаздық жолында жоғары еңбегі бағаланып, «Қазақстан Республикасының білім саласының үздігі» белгісімен марапатталған.

Джанзакова Бисем Исабековна – білім саласындағы еңбек ардагері, химия пәнінің мұғалімі. Аталмыш мектепте 35 жылдан астам уақыт шәкірттеріне білім нәрін берген ұстаз. «Прямой путь» ауылының негізгі тұрғындарының барлығының ұстазы деуге болады, себебі ол кісінің қолынан тәрбие мен білім алған  жандар өте көп кездеседі. Өз ісінің шебері, шығармашыл тұлға. 

Киламбаева Нурсагила Киреевна - шәкірттерін ана тілінің қадір-қасиетін ұғындыруға, туған жерін, елін сүюге, ата-бабамыздың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын сақтауға үйретуде жас ұрпақты тәрбиелеп, білім берген асыл жан.

Масалимова Рауза Салимовна - КазПи-ді бітірген соң осы мектепке қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі болып келді. Мектепке, оқушыларға, өз мамандығына берілгені соншалық, ол кісі 35 жыл Алматы қаласынан Прямой путь ауылына қатынап қызмет етті. Оның еңбек кітапшасында бүкіл еңбек өтілін осы мектепте өтегендігі жазылған еді. Қазіргі уақытта ол кісі зейнет демалысында. Масалимова Рауза Салимовна жазушы Берхаир Аманшиннің туған қарындасы.

 Мусаева Дамегуль Азилхановна - қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. Еңбек жолында оқушыларды ұлттық дәстүрге шеберлікпен баули отырып, дарынды оқушылармен жұмысты белсенді атқара білген. Л.Н.Толстой атындағы білім мекемесінде 31 жыл тынбай еңбек атқарған ардақты ұстаз. «Ұлағатты ұстаз» төсбелгісінің иегері.

Турсумбаева Ертискуль Баделовна - тарих және қоғамдық пәндер мұғалімі. Ұстаздық қызметін шеберлікпен атқарып, оқушы бойындағы қасиеттерді тани білген ардагер ұстаз. Шәкірттері «Дарын» ғылыми жобалар жарысының, пәндік олимпиадалардың жүлдегерлері болған. 

Аяганова Тәрбие Әнесқызы – бастауыш сынып мұғалімі. Алғаш қалам ұстатқан шәкірттерінің бүгінгі күнде мейіріміне бөленген ардақты ұстаз. Бірнеше ұрпақ тәрбиелеп, өмірге бейімдеген. Сабақ берудің әдіс-тәсілдерін жетік меңгерген, шеберлігімен танылған педагог.

Тукусбаева Сауыткул - бастауыш сынып мұғалімі. Өз ісінің білгірі. Шәкірт оқыту мен тәрбиелеуде көптеген жетістіктер көрсете білген ұстаз. Оқушыларын білім нәрімен сусындатып, педагогика саласына 30 жылдық өмірін арнаған ардақты мұғалім.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив