Абдулмуминова Айсулу Муратбековна
Аты-жөні, тегі: Абдулмуминова Айсулу Муратбековна
Туған күні, айы, жылы. 10.12.1984
Білімі: Жоғары
Мамандығы: Бастауыш сынып мұғалімі
Абдулмуминова Айсулу Муратбековна, Мырзашөл ауданы, Гагарин елді мекенінде 1984 жылы дүниеге келген.
Алғашқы шәкірт тәрбиелеу жолындағы қадамын.Л.Н.Толстой атындағы орта мектебі
2019 жылы Алматы облысы, Қарасай ауданы, Іргелі ауылына қарасты «Л.Н.Толстой атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бастауыш сынып мұғалімі болып қабылданды.
Абдулмуминова Айсулу мектеп табалдырығын ұстаз болып алғашқы қадам басуынан бастап тиянақтылығымен, ұқыптылығымен, шәкірттерінің жан дүниесін ұғына алатындығымен ерекшеленді. Өз мамандығының қыр-сырын, қиындығы мен қуанышын қатар алып жүре алатын жас ұстаз.
Мектеп ұжымымен, әріптестерімен тіл табыса алатын, үлкенге құрмет, кішіге ізет таныта білетін жақсы қасиетін бойына отбасының тәрбиесінен, ақылшы ұстаздарынан дарыған деп ойлаймын.
Сырт келбеті жинақы, ұстамды, сабырлы көркем мінезімен шәкірттері мен ата-аналардың көңілінен шығып, мектеп әкімшілігінің марапаттауларына ие болған жаңашыл ұстаз. Халықаралық «Үздік бастауыш» ұстаздар олимпиадасының жеңімпазы, ҚР мемлекеттік бағдарламсы аясында өткен «Цифрлы Қазақстан жеңімпазы», Қазақстан Республикасы «Дарынды шәкірт»республикалық ғылыми жоба байқауына қатысып Алғыс хатпен марапатталды
Өзіне берілген тапсырмаларды дер кезінде ойдағыдай орындай алады, интеллектуалдық қабілеті жоғары, ұшқыр қиялды, ізденімпаз ұстаз.
Абдулмуминова Айсулу Муратбековна, болашақта еліміздің бетке ұстар, дарынды оқушыларды тәрбиелеп шығаратын жаңашыл, мықты ұстаз болатынына сенімім мол.